АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова әлемдік Гран-при жарысының финалында күреседі.
Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім етті.
Қазақстандық дзюдошы Аустрияда өтіп жатқан әлемдік Гран-при жарысының финалына шықты. Жарыс финалында ол жапониялық Мизуки Харадамен кездеседі.
Ол жартылай финалда Амбер Херсьесті (Нидерланды), ал ширек финалда Спрингер Жаклинді (Австрия) жеңді.
Финал Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Айта кетсек, бүгін Аустрияда дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі басталды. Аталған жарыста әлемнің 52 елінен барлығы 416 татами шебері қатысып жатыр.
Еске салсақ, бұдан бұрын Таразда дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпиондары анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.