48 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингіде екі саты жоғарылап, екінші орынға тұрақтады. Әзірге дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы көшбасшысының еншісінде 5 662 ұпай бар.
Көш басында италиялық Ассунта Скутта (5 958 ұпай) тұр. Ал франциялық Ширин Букли 5 170 ұпаймен үздік үштен көрінді.
Еске сала кетейік, Әбиба (48 келіге дейін) Будапештте (Мажарстан) өткен әлем чемпионатының финалында Италия өкілі Ассунта Скуттаға есе жіберіп, күміс медаль жеңіп алған болатын.