«Осы медальді жан құрбыма арнаймын. Жақында ғана қырқы өткен, соған қатысып осында келдім. Онымен интернатта бірге оқығанбыз»,- деді Абиба Әбужақынова.
Еске салсақ, Азиаданың алғашқы күнінде дзюдошыларымыз құрама қоржынына екі медаль салды. Абиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені қанағат тұтты.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия ойындарына қатысып жатқан дзюдодан ұлттық құрама спортшыларымен кездесті.
Министр Азия ойындарының жүлдегерлерін құттықтап, Париж Олимпиадасында сәтті өнер көрсетуін тіледі.