Абиба Абужақынова Бакуде басталған Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан бүгін Grand Slam турнирі басталды. Әйелдер арасында 48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Абиба Абужақынова қола медаль жеңіп алды.

Фото: ҚР Дзюдо федерациясы

Аталған бәсекеде отандасмыз Абиба Абужақынова жұбаныш финалында ол белгиялық қарсыласы Луиз Петиттен басым түсті.

Айта кетерлігі, бұл Абиба Абужақынованың 2024 жылы қатысқан екінші әлемдік жарымындағы екінші қола жүлдесі. Ол бұған дейін Португалияда өткен Гран-при жарысында қола жүлде жеңіп алған.

Аталған әлемдік дода бүгін басталды. 18 ақпан күні мәресіне жетеді. 

Аталмыш бәсекеде әлемнің 64 елінен 413 спортшы қатысаып жатыр.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 154 мың АҚШ долларын құрайды.