АСТАНА. KAZINFORM — Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы 7-8 наурызда Аустрияда өтетін әлемдік Гран-при кезеңіне қатысады.
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған додада әлемнің 52 елінен 438 спортшы бақ сынайды деп жоспарланған.
Гран-при турнирінде ел намысын 16 татами шебері қорғайды.
Әйелдер:
Әбиба Әбужақынова (-48 кг),
Толғанай Әбеуова (-52 кг),
Дана Әбдірова (-57 кг),
Самалай Ерғалиева (-63 кг),
Ақерке Рамазанова ( 78 кг).
Ерлер:
Талғат Орынбасар (-60 кг),
Нұрмұхаммед Ботабай (-66 кг),
Қуан Барыс (-73 кг),
Данияр Шамшаев (-73 кг),
Мәди Амангелді (-81 кг),
Азат Күмісбай (-81 кг),
Мейірлан Максим (-90 кг),
Нұрлыхан Шархан (-100 кг),
Жантілек Нұртілепұлы ( 100 кг).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Абылайхан Жұбаназардың Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).