48 келі салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингі Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында жарияланды.
Әлемдік рейтингті Моңғолиядан келген дзюдошы Баасанхүү Бавуудорж бастап тұр. Әбиба төртінші орында. Ал үздік бестікті француз Ширин Букли түйіндеген.
Париж Олимпиадасында 5-орын алған дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға үшінші көлік сыйға берілгенін жазған болатынбыз.