АСТАНА. KAZINFORM – Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова жартылай финалға шықты.
48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген қаракөз қызымыз турнир барысында Түрікменстан, Израиль және АҚШ спортшыларын жеңді.
Енді жартылай финалда Абиба швециялық Тара Бабулфатпен кездеседі.
Айта кетелік, Абиба Әбужақынова жақында Бакуде өткен турнирде дәл осы Бабулфатқа есе жіберген болатын.
Бұл салмақта бақ сынаған тағы бір қазақстандық балуан Ғалия Тынбаева үшінші айналымда ресейлік Сабина Гилиязовадан ұтылып қалды.
Ал ерлер арасында команда көшбасшысы Елдос Сметов ширек финалда ұтылып жарысты аяқтады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.