АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында Әбиба Абужақынова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ә.Абужақынова 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде чилилік Мари Ди Варгас Леймен татамиге шықты.
Белдесу өте тартысты өтіп, қосымша уақытта чилилік дзюдошы үшінші ескерту алып, жеңіс Әбибаға берілді.
Алғашқы белдесулерін сәтті өткізген Әбиба жартылай финалда жапониялық Нацуми Цунадеге есе жіберген еді.
Осылайша, Ә.Абужақынова қазақ қыздары арасынан алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұған дейін Қазақстан атынан күрескен Отгонцэцэг Галбадрах дүниежүзілік додада жүлдеге қол жеткізген еді.
Әбибаның биылғы жетістіктері өте жақсы. Ол биыл Астанада өткен Азия чемпитонатының күміс медаліне ие болған еді. Сондай-ақ Ұлан-Батырда өткен Grand Slam турнирінде жүлдегер атанды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ дзюдодан әлем чемпионатында Елдос Сметов ширек финалда сүрінді.
Елдос қола жүлде үшін күреседі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).