Аталған жобаның режиссері Елзат Ескендірдің «Өліара» фильмі 2016 жылы Халықаралық Пусан кинофестивалінде үздік қысқаметрлі фильм атанған болатын.
Осы жылдың қазан айында фильмнің халықаралық продюсері Анна Вильгельми («Төрт оқиға», режиссері - Эмир Байғазин, «Завтра море», режиссері - Катерина Суворова) ескі өсиеттерден жиналған қазақстандық шопанның оқиғасын әлемдік продюсерлер мен инвесторларға ұсынады.
Asian Project Market кинонарығы Пусандағы халықаралық кинофестивальдің аясында өтеді.
Бұл маңызды іс-шараға болашағынан зор үміт күттіретін жобалар ғана қатысады.