Абылай Жұбаназар алғашқы белдесуінде ұтылып қалды

ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін дзюдодан ерлер арасында Абылайхан Жұбаназар алғашқы белдесуін өткізді.

Фото: Сали Сабиров

Нәтижесінде 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз алғашқы белдесуінде Мажарстан балуаны Атилла Унгвариден ұтылып қалды.  

Фото: Сали Сабиров

Жалпы, Олимпиада ойындарына Қазақстаннан ерлер арасында бес, әйелдер арасында үш дзюдошы келген болатын.

Фото: Сали Сабиров\ҰОК

Әзірге жарыс жолынан ерлер арасында Данияр Шамшаев пен әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова шығып қалған еді.

Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Міне, бүгін олардың қатарына Жұбаназар да қосылды.

Фото: Сали Сабиров

Ал 60 келі салмақта Елдос Сметов чемпион танса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль жеңіп алды.

Бүгін әйелдер арасында 63 келіде Эсмигуль Куюлова татамиге шығады.

Фото: Сали Сабиров