Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.
«М. Әбіләзов бірқатар ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуда. Оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ құру, ұрлау, заңсыз, қылмыстық жолмен алынған қаражаттарды жылыстату, банк қаражаттарын заңсыз жолмен пайдалану секілді айыптар бар. Бұл ретте аса ауыр қылмыстар бойынша 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады, айыптының мүлкі тәркіленеді», - дейді Н. Сүйіндіков.