"Бізде "Қазақстан кәсіподағы" деген газет бар. Бәрі жатып алып, соны сынайды. Сонда материалды өздері береді де, басып бер дейді. Баспасаң, тағы ренжиді. Өз материалын сынамайды, жаман деп айтпайды. Бәрін федерацияға жаба салады. Материалдар біздікі емес, сіздікі ғой! Федерация оның бәрін жинайды да, газетке басады. Болды. Сондықтан қазіргі псиxологиядан құтылу қажет. Ол да - ескінің сарқыншағы. Бәрін кінәлі дейміз, ал өзімізді сүттен ақ, судан таза деп санаймыз. Ондайды қою қажет", - деді ұйым басшысы Әбілғазы Құсайынов бүгін сананы жаңғырту мәселесіне арналған республикалық форумда.
Федерацияның ақпараттық жұмыс жөніндегі департамент директоры Нұрлан Досымов та газет жұмысына қатысты ескі көзқарастың бар екеніне баса назар аударды. Себебі аймақтар, көп жағдайда, өзекті материалдарды емес, ресми есептерді беріп жатады. "Мысалы, жаңалықтардың барлығы бірдей. Семинар өтті, форум өтті, біреуге диплом берілді. Одан аспай жатады. Күні кеше кәсіподақтар екі сот отырысында жеңді. Міне, осы ақпаратты берудің орнына біз тағы бір семинар өткіздік деп жар салдық. Осылайша, өзіміз федерацияның жұмысын дұрыс көрсетпей жатамыз", - деп атап көрсетті Досымов.
Фото azh.kz