Республика біріншілігінің 75 келі салмақ санатындағы финалдық кездесуінде маңғыстаулық Ерік Әлжанов пен тараздық Әбілхан Аманқұл айқасты. Тартысты өткен жекпе-жек барысында 19 жастағы тараздық боксшы өзінің азулы қарсыласы Әлжановты ұтып кетті.
Айта кетейік, бұған дейін 49 келіде Теміртас Жүсіпов, 52 келіде Азамат Исақұлов, 56 келіде Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов, 69 келіде Абылайхан Жүсіпов чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.