Оның айтуынша, болашақ әдебиетсүйер ұрпақ Әбіш Кекілбайұлы өмір сүрген, шығармаларын жазған дәуірді Әбіш Кекілбайұлының дәуірі деп атауы мүмкін. «Дүиеден Әбіш аға өтті. Телегей-теңіз ой өлді. Үлкен кісілік кетті. Әбіш Кекілбайұлы қазақ қаламгерлігінің бір эталоны еді. Ол қазақ әдебиетіндегі тұтас бір дәуір. Әбіш Кекілбай ағамыз қазақ әдебиетін, баяндаудан философиялық толғауға айналдырған, сырт баяндаудан кейіпкердің ішкі жан-дүниесіне түскен, кейіпкерлерінің табиғатына алты алаштың, қазақ ұлтының қарапайым азаматының да ханының да тарихын сыйғыза жырлаған ұлы суреткер еді. Әбекең өмір сүрген, Әбекең шығарма жазған дәуірді келешек ұрпақ, келешек әдебиетсүйер қауым Әбіш Кекілбай дәуірі деп атауы да мүмкін», - деді Қ. Ергөбек.
13:54, 11 Желтоқсан 2015
Әбіш Кекілбайұлы - қазақ әдебиетіндегі тұтас бір дәуір - Қ. Ергөбек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Әбіш Кекілбайұлы - қазақ әдебиетіндегі тұтас бір дәуір. Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбайұлының қазасына байланысты белгілі әдебиет зерттеушісі, сыншы, философия ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек осындай пікір білдірді.