Әбілхайыр Тамабек: Техника өндірушілер мен импорттаушы компаниялардың баға саясатын тексеру керек
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігіне ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер мен импорттаушы компаниялардың баға саясатын тексеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәжілісте депутаттар мен салаға жауапты мемлекеттік органдардың, аграрлық сала өкілдерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы техникасының паркі жаңарту мәселесі талқыланды. Іс-iарадан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген вице-министр Әбілхайыр Тамабек 2 жылда техника бағасының 2,5 есеге дейін өсуіне алаңдап отырғанын мәлім етті.
«Бәсекелестікті қорғау агентnігі арқылы нақты отандық өндірушілердің және импорттаушылардың баға саясатына тексеріс жүргізу керек. Себебі 2 жылда 2-2,5 есе өсіп кету деген өте күрделі мәселе. Демек, мемлекет тарапынан бақылау жоқ шығар», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, агенттікке мұндай бастаманы депутаттар ұсынбақшы.
«Депутаттар ұсыныс береміз деді ғой. Осы комитет отырысының қорытындысы бойынша ұсыныстарды енгіземіз. Ол ұсыныстарды әрі қарай Бәсекелестік қорғау агенттіне жібереді. Сол бойынша егенттік тиісті шаралар қабылдау керек», - деді Әбілхайыр Тамабек.