Клуб иесі Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты Ұлыбритания билігі енгізген санкциялардың кесірінен командадан бас тартуға мәжбүр.
Дереккөздердің мәліметі бойынша, ресейлік бизнесмен ағылшын клубын 4 миллиард фунт стерлингке (шамамен 5,3 млрд АҚШ доллары) бағалап отыр. Бұған дейін Абрамовичке «Челсиді» сатуға қатысты үш мәрте ұсыныс түскені хабарланады. Алайда, мүдделі тараптардың клуб үшін 2 миллиард фунт стерлингтен артық төлегілері келмейтін көрінеді.
Айта кетейік, Роман Абрамович «Челсиді» 2003 жылы 140 миллион фунт стерлингке сатып алған.