«Құжатқа қол қою тараптардың ұзақ мерзімді серіктестігін құруға бағытталған, атап айтқанда, жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған азаматтармен қоса елорда тұрғындарын жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» кешені жұмысы шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлау», - делінген басқарма хабарламасында.
Хабарламада айтылғандай, аталған меморандум Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен «АЛДАР ЕвроАзия» ЖШС арасында жасалды.
Сондай-ақ, басқарма мәліметінше Астанада жаңа нысандарды іске қосу мен қолданыстағы кәсіпорындардың дамуы нәтижесінде жыл сайын 19-20 мың тұрақты жұмыс орны пайда болады.
«Бүгінгі күні Астанада экономикалық белсенді халық саны 531,3 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылған халық саны - 507,2 мың адам. Астананың индустриалды-инновациялық және әлеуметтік-экономикалық дамуының аясында, «Әбу-Даби Плаза» нысанында жаңа жұмыс орындарын құру елордамыздың еңбек нарығындағы жағдайын тұрақтандыруға мүмкіндік береді», - деп жазылған ресми хабарламада.