ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағандай, асүй аумағында жабдықтар, тұрмыстық техника мен жиһаздар өртенген.
«Өрттің шарпыған аумағы 50 текше метрді құрайды. Өрт сөндіру қызметіне сағат 14.39-да хабар түскен, 14.43-те біздің жасақ оқиға орнына жетіп, 15.01-де жалынды ауыздықтады. Тілсіз жауды жоюға үш техника, №16 мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 15 адам тартылды», - деді ол.
Иманқұловтың айтуынша, қазіргі таңда өрттің таралу қаупі жоқ.