Үндістандық конструктор Мохаммад Дилиф өзінің туындысын «Қалада мініп жүруге арналған ең үлкен велосипед» ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кіргізбекші.
Егер оның шығарған туындысы Гиннес кітабына лайықты деп табылатын болса, бұл Дилифтің үшінші рекорды болмақ. Осыған дейін ол әлемдегі ең үлкен карикатураны салған болатын және 2016 жылы бадминтонға арналған ең үлкен ракетканы (биіктігі 16,89 метр) жасап шығарды.
«Мен сауда орталығының өкілдеріне велосипедімді қалың көпшіліктің назарына ұсынуға рұқсат еткендері үшін разымын. Өзімнің еңбегім арқылы мен ел жастарының саламатты өмір салтын ұстануларына ықпал етемін деген ойдамын. Бұл менің Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық күніне арнаған сыйлығым. Мен велосипедтің сол үшін де елімнің туының түсіне сәйкес етіп жасадым»,-деді Дилиф.