Қазақстан киік мүйізін таңбалаудың ұлттық цифрлық жүйесін ұсынды
АСТАНА. KAZINFORM — Абу-Даби қаласында (БАӘ) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) өкілі Дауди Сумбамен Қазақстандағы киік популяциясына қатысты мәселелер бойынша кездесу өткізді.
Экология министрлігі мәліметінше, кездесу барысында Қазақстандағы киік популяциясының ағымдағы жай-күйі, қорғау бағдарламаларын, халықаралық ынтымақтастықты қоса алғанда, 2003 жылдан бастап жүзеге асырылған шаралар талқыланды.
Сондай-ақ өнімді бақылау және қадағалау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстандық тарап мыналарды қамтамасыз ететін: айналымның толық ашықтығын, нарыққа заңсыз дериваттардың түсуіне жол бермеуді, экспорт кезеңіне дейін әрбір дананы тіркеуді және қадағалауды, халықаралық аудиторларды тарту мүмкіндігін, ел ішінде қайта өңдеуді тек дайын экспортпен дамытуды қамтамасыз ететін DataMatrix (GS1) технологиясын пайдалана отырып, киік мүйізін және олардың туындыларын таңбалаудың ұлттық цифрлық жүйесін ұсынды.
Министрлік ашық ынтымақтастыққа дайындығын, халықаралық міндеттемелер мен биологиялық әртүрлілікті орнықты сақтаудың жалпы мақсаттарын атап өтті.
Айта кетейік, кейінгі екі жылда Қазақстанда қылмыскерлерден 17 мыңнан астам киік мүйізі мен 500 киіктің еті тәркіленді. Бұл туралы Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев мәлім етті.
Өзбекстандық делегация Оралдағы тәлімбақта киік өсіру тәжірибесімен танысты.