АСТАНА. ҚазАқпарат - Әбу-Дабиде қаласында өткен джиу-джитсудан Grand Slam World Tour халықаралық турнирінде отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған турнирге Қазақстаннан 17 спортшы қатысты.
Алтын медалді Айдар Түлейбаев (қоңыр белбеу), Ядгар Қасымов (қоңыр белбеу) және Мигель Мамырбаев (көк белбеу) жеңіп алды. Ал күміс жүлдеге Арлан Шабдарбаев (қызылкүрең белбеу), Ержан Естанов (көк белбеу), Мұхамедияр Құдайқұлов (қызғылт-сары белбеу) жәнеОсманжан Қасымов ие болды. Қола медальға Төлеген Құмаров (қоңыр белбеу) пен Батыр Мұратұлы (ақ белбеу) қол жеткізді.
Айта кетер жайт, Grand Slam халықаралық турнирінің келесі кезеңі наурыз айының 10-ы мен 11-і күндері Лондонда өтеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.