Әбу-Дабиде Лувр мұражайы салынады

Фото: None
ӘБУ-ДАБИ. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Әбу-Дабидің туристік даму және инвестициялау жөніндегі департаменті «Арабтек» компаниясы «Әбу-Даби Лувры» жобасының негізгі құрылысшысы болатынын мәлімдеді.

БАӘ-нің билік өкілдері әмірлікте тек Дубай ғана емес, елдің басқа да өңірлерінің, әсіресе ел астанасы Әбу-Дабидің туристік тартымдылығын дамытуға көңіл бөлуде.

Бұл бағытта маңызды жобалардың бірі - сәулеті көз тартатын Әбу-Даби әмірлігінің Саадият аралында Мәдени аудан құру жобасы болып табылады. Атап айтқанда, 2015 жылға қарай Әбу-Дабиде Луврдың филиалын, 2016 жылға қарай елдің негізін салушысы Шейх Зайед атындағы Ұлттық мұражай мен 2017 жылға қарай Соломон Р. Гуггенхаймнің әлемге әйгілі американдық заманауи өнер мұражайының филиалын ашу жоспарлануда.

Әбу-Дабидің Лувры араб әмірлігінде алғашқы мұражай болмақ, ол келушілерге түрлі өркениет және мәдениет өнерінің туындыларын таныстырады. 64 мың шаршы метр аумақты қамтитын бұл жоба 2,4 млрд. долларға бағаланып отыр, олардың 9 мың шаршы метрінде көркем галерея орналасады. 180 метрлік құлпытас Абу-Дабиде бой көтеретін Лувр дизайнының негізгі белгісі болмақ.

«Арабтек» компаниясының өкілдері мәлім еткендей, Луврдың құрылысы алдағы күндері басталады. Мәдени кешен 2014 жылға қарай салынып бітеді деп жоспарлануда.