Ресей делегациясын Президенттің көмекшісі Владимир Мединский, ал Украина делегациясын Сыртқы барлау қызметінің басшысы Рустем Умеров бастап барды.
Сондай-ақ үшжақты келіссөзге АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер де қатысып жатыр.
Үш елдің келіссөз өкілдері бұған дейін 18 ақпанда Женевада бас қосқан еді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Абу-Дабидегі бұл жолғы келіссөзде қауіпсіздік кепілдіктері талқыланады.
Ал АҚШ-тың арнайы өкілі Абу-Дабиде өтетін келіссөздердің жаңа кезеңі Ресей, Украина және Еуропа арасындағы қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыруға жол ашады деген үміт білдірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей мен Украина келіссөздеріне қатысатын Еуропа делегациясының құрамы белгілі болғанын хабарлаған едік.