АСТАНА. KAZINFORM – Әбу-Даби қаласында (БАӘ) әйелдер арасында WTA 500 турнирі аяқталды.
Финалда дүниежүзілік рейтингіде 157-орында тұрған швейцариялық, 27 жастағы Белинда Бенчич әлемнің 51-ракеткасы, америкалық Эшлин Крюгермен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Матчты 20 жастағы Э.Крюгер сәтті бастады – 6:4. Алайда бұдан кейін Б.Бенчич дес берген жоқ – 6:1, 6:1.
Екі сағат 23 минутқа созылған бәсекеде Бенчич 2 эйспен бірге 15 брейк-пойнттың 8-ін пайдаланды. Крюгер 3 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, жүлде қоры 1 млн астам АҚШ долларына бағаланған жарыста Б.Бенчич үздік шықты. Ол жартылай финалда өткен жылғы жеңімпаз, қазақстандық Елена Рыбакинаны жолдан тайдырған еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Әби-Даби турнирінің финалынан тыс қалғанын жазған едік.
Альбина Кәкенова Қарағанды турнирінің абсолютті чемпионы атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).