Іс-шараға БАӘ-нің қоғам және саяси қайраткерлері, сарапшылар мен журналистер қатысады деп күтілуде. ҚР-ның БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Мусинов және БАӘ-нің Стратегиялық зерттеулер мен талдау орталығының басшысы Джамаль Санав Аль Сувайди екіжақты қарым-қатынастар тақырыбы бойынша арнайы баяндамалар оқиды.
Әмірліктің Стратегиялық зерттеулер мен талдау орталығы Таяу Шығыстың жетекші ғылыми-сарапшылық институты болып табылады, оның қызметіне Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, генерал шейх Мохаммед бин Зайед Әл Нахайян жетекшілік етеді.