Әбу-Даби туристік секторының таныстырылымы Алматыда өтеді. Әлемдегі үздік қонақүйлердің бірі «Emirates Palace»-тің, Әл-Айн қ. Хайуанаттар бағының, «Etihad Airways» әуекомпаниясының, «St. Regis Saadiyat Island Resort» курортының, «Le Meridien Abu Dhabi» қонақ үйінің және «Farah Leisure Parks Management LLC» компаниясының өкілдері, «Ferrari World Abu Dhabi» паркінің ойын-сауық аттракциондарының басқарушысы қатысады.
«Келесі жылдың соңына дейін Қазақстан мұнай өндіру бойынша адағы 10 елдің қатарына енуі мүмкін. Бұл екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынастың нығаюына, жұмыс барысымен және демалуға келетіндердің санының артуына жол ашады», - деді Әбу-Даби әмірлігінің мәдениет және туризм департаментінің директоры Мубарак Әл Нуэйми.
2014 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Әбу-Даби қонақүйлері 5 765 Қазақстан азаматын қабылдады. 2013 жылдың алғашқы 7 айында да шамамен осындай көрсеткіш болған. «Қонақтардың саны өзгермесе де, олардың елде болу күні 11% артты», - деді М.Әл Нуэйми.