Әбу-Дабиге әлемдегі ең қымбат жаңажылдық шырша жеткізілді

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Әлемдегі ең қымбат жаңажылдық шырша Әбу-Дабиде орнатылды.

Ағаштың өзі небәрі 10 мың долларға сатып алынған, бірақ ол гауһар, меруерт, жақұт сияқты асыл тасты әшекейлермен безендірілген, деп хабарлайды Utro.ru сайты.

Нәтижесінде, сарапшылар жасыл шыршаның құнын 11 миллион долларға бағалап отыр. Emirate Palace отелінде орнатылған шыршаны күзет қызметкерлері тәулік бойы бақылауға алған.