55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Абылай Әуелханов екі бағдарлама қорытындысы бойынша 248 келіні еңсеріп (108 140), чемпион атанды.
Абылай жақында өткен ересектер арасындағы Азия біріншілігінде күміске қол жеткізген болатын. Күміс медальді Өзбекстан өкілі Огабек Нафасов, қоланы эквадорлық Зурита Валледжо еншіледі.19:53, 23 Мамыр 2021
Абылай Әуелханов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкентте басталған ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.