КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Абылай ханға арналған монумент салу жобасын қолдау керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Маған бірер күн бұрын Абылай ханға арналған монумент салу жобасы таныстырылды. Жоба бойынша мұнда лифт, бақылау алаңы, мұражай және дәмхана сияқты бірқатар нысандар қарастырылған. Аталмыш жоба халықтың жинаған қаражатына салынады. Бұл жобаның қаншалықты тиімді болатынын көреміз. Жалпы, мен бұл жобаны қолдау керек деп есептеймін», деді Президент.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ақмола облысында жүр.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.