«Қазір Абылай ханның 300 жылдығына арналған үлкен шара дайындалуда. Бұл сирек құжаттар - Абылай ханның көрші елдердің басшыларымен жазысқан хаттары. Бұл сенсациялық материалдар, онда қазақ хандары мен қытай басқарушыларының арасындағы дипломатиялық байланыстың орнатылғаны жөнінде көрсетілген. Құжатта сенімді байланыс орнағанын көруге болады, Абылай хан мен Цяньлун алысқан көп хаттарда тілек, құттықтау білдірілген, тіпті Қазақ хандығының Цинь империясында елші тағайындағаны жөнінде мәлімет бар», - дейді Меруерт Әбусейітова.
Оның айтуынша, алдағы уақытта ғалымдар мұндай құжаттардың әлемде баламасы жоқ электронды нұсқасы мен тізбесін жасауды қолға алмақ. «Бұл Қазақстан тарихы, мәдениетінің жәдігерлерін, қағаз бетіне түскен деректерін, мұрағат метариалдарын қамтиды»,- дейді М. Әбусейітова.