НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық Абылайхан Жүсіпов АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Ол мексикалық Эдгар Рамиресті тізе бүктірді. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта Абылайханның қарсыласын нокаутқа түсіруімен аяқталды.
Абылайхан Жүсіпов 1997 жылы дүниеге келген. Әлем чемпионатында үш мәрте қола жүлде алса, Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол созды. Ол әуесқой бокста ұлттық құраманың капитаны міндетін атқарды.
Бокс кешінде қазақстандық Евгений Павлов мексикалық Алексис Салидоны нокаутпен жеңді.
Бұдан бұрын аталған рингте Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жеткенін жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.