Абзал Әжғалиев: Олимпиада және әлем чемпиондарын жеңіп, тарихи алтын жүлде алдық

ХАРБИН.KAZINFORM – Шорт-тректен Қазақстан құрамасының спортшысы Абзал Әжғалиев барша қолдау көрсеткен қазақстандықтарға рахмет айтып, тарихи алтын медальмен құттықтады.

Фото: ҚР ҰОК

– Барша отандастарды қуанттық деп ойлаймын. Жаңа ғана күміс медаль жеңіп алып, тарихи көрсеткішке жеткен едік.

Ал бүгін тіптен тарихи мәні бар алғашқы алтын медальға қол жеткізіп отырмыз,- деді спортшы.

Ол сондай-ақ бұл жеңіс Қазақстан шорт-трек спорты деңгейі өскенінің айқын дәлелі екенін айтты.

– Себебі, біз Олимпиада және әлем чемпиондарымен жүлдені сарапқа салып, жеңіске жеттік. Бұл отандық шорт-трек спорты деңгейінің өскенін көрсетеді. Біз осындай мықты елдермен бәсекелес бола алатынымызды, оларды жеңе алатынымызды дәлелдедік,- дейді Абзал.

Шрт-трекші қазақстандықтарды қысқы спортқа назар аударуға және қолдауға шақырды. 

– Барша Қазақ елін осы тарихи жеңісімізбен құттықтаймыз. Қысқы спортты көріңіздер, бізді қолдаңыздар, - деді Абзал Әжғалиев.

Айта ктейік, Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарынның ерлер арасында 5000 метрден командалық эстафета жарысында тарихи алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы спортшылары Денис Никиша, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметов 6 минут 59.415 секунд нәтижемен мәре сызығын бірінші кесіп, ел қоржынына алғашқы алтын медаль салды.

Осыған дейін, Қазақстан қыздар құрамасы 3000 метрге эстафетадан күміс алды.