Acer корпорациясы диагоналі 10 дюймдық сенсорлы экранмен жарақтандырылған ICONIA TAB W500 планшетін ұсынып отыр

АЛМАТЫ. 26 мамыр. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Acer корпорациясы Windows 7 операциялық жүйесі базасында жұмыс істейтін және диагоналі 10 дюймдық сенсорлы экранмен жарақтандырылған ICONIA TAB W500 планшетін ұсынып отыр.

Қазақстандағы Acer CIS inc-тің өкілдігінің директоры Асхат Мұхитдинов бұл планшет бірден-бір инновациялық шешім болып табылатындығын, ол толыққанды клавиатурасы бар док-стансамен жабдықталғандықтан жол үстінде, үстел басында жұмыс істеу кезінде оңтайлы, әрі ыңғайлы пайдалануға лайықталғандығын айтады.

Док-стансасы, диагоналі 10,1 дюймдық мультисенсорлы экраны, Windows-тың үйреншікті операциялық ортасы мен қуатты процессорының арқасында ICONIA TAB W500 планшеті көптеген міндеттерді жеңіл орындауға мүмкіндік береді және сенсорлы басқарудың жаңа тәжірибесін ұсынады.

«Acer ICONIA TAB W500 пайдаланушыларға әлеуметтік желілерде жаңаланған жәйттерден хабардар болуға, соңғы жаңалықтармен танысуға, веб-сайттарды қарап шығуға, поштаны тексеруге, фильмдерді тамашалауға, презентацияларға қатысты жұмыстар жүргізуге және қызықты ойындар ойнауға мүмкіндік береді», -дейді Қазақстан мен Орталық Азиядағы АМD төрағасы Алан Намазбаев.

Салмағы шамамен 1 келі және көлемі кәдімгі журналдан да шағын ICONIA TAB W500 планшеті алып жүруге жеңіл әрі ыңғайлы, бір уақытта бірнеше функцияны танитын және бүкіл орнатылған функциялар мен қосымшаларға бір сәтте қолжетімділігін қамтамасыз ететін бірегей Acer Ring қабығының арқасында оңай пайдалануға болады екен.

«Көптеген операцияларға байланысты ICONIA TAB W500-ге қарапайым қосылу тән, оның ішінде Wi-Fi, 3G немесе Bluetooth. сонымен қатар құрылымның алдыңғы және артқы панельдерінде орналасқан Acer Crystal Eye 1,3 Мп веп-камералары пайдаланушыларға бейне-чаттарға қатысуға немесе жолдастарымен бейне-конференциялар ұйымдастыруға және де HD бейнежазба жазып, оны әлеуметтік желілерге орналастыруға мүмкіндік береді», -дейді Acer-дің Орталық Азия мен Кавказ елдері бойынша аймақтық менеджері Алексей Клочков.