ӘЧ-2010-да ұтылып қалғаны үшін КХДР құрамасының жаттықтырушысы партбилетінен айрылды және каторгаға жіберілді

АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - ОАР-дағы әлем чемпионаты ойындарында сәтсіздіке ұшырағаны үшін КХДР құрамасының бас бапкері Ким Чон Хон еңбекпен түзеу жұмысына жіберілді, деп хабарлайды РБК.

Қытай БАҚ-тарының хабарлауынша, 53 жастағы спорт маманы күн сайын он төрт сағаттан астам уақыт өте ауыр қол еңбегімен айналысады.

КХДР-ға оралған соң «Жолдастар» (баспасөзде солтүстіккореялық құраманы осылай атайды) елдің саяси басшыларымен кездеседі. Содан кейін бас бапкер Ким Чон Хонның партиядан шығарылғандығы жөнінде хабар тарады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХДР командасы өз тобындағы командалардың барлығынан да ойсырай ұтылған еді.