Португалия құрамасының басқа футболшылары болса 2 оққағардың қорғауында болады. Британ сарапшыларының дерегі бойынша, әлем біріншілігіне қатысушылар ішінен өз талаптарымен ерекше көзге түскен келесі команда - Жапон құрамасы. Олар әр футболшының бөлмесіне гидромассажы бар ванна орнатып беруді сұраған.
Ал алжирліктер болса әр футболшының және ресми тұлғалардың бөлмесінде Құран кітабының болуын талап еткен. Француздықтар тек сұйық сабын қолданатынын алға тартса, эквадорлық команда тур аяқталғанға дейін күн сайын өздеріне банан беріп тұрғанын қалайтынын жеткізген.