ӘЧ-2014: Аргентина құрамасының финалдағы жеңісі үшін барлық наградамды беруге дайынмын - Лионель Месси

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина құрама командасының капитаны Лионель Месси барлық жеңісі мен сыйлықтарын әлем чемпионатындағы жеңіс үшін бере салуға әзір екенін айтты, деп жазады «ИТАР-ТАСС»

«Турнирдің үздік ойыншысы атанғаннан гөрі әлем чемпионатын ұтып алғанды артық санаймын. Сол үшін наградаларымды әлем чемпионы титулы үшін қуана-қуана бере салар едім. Әлем біріншілігінде жеңіске жету - футболшы үшін ең үлкен жетістік. Бұл арман доп қуып жүрген бала кезіңде жүрегіңе орнайды да ешқашан жоғалмайды», - деді Месси.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы (ФИФА) 2014 жылғы әлем чемпионатындағы «Алтын доп» сыйлығына он үміткердің аты-жөнін жариялаған болатын. Соның ішінде Месси де бар.