ӘЧ-2014: Аргентина құрамасының жеңілісінен соң футбол жанкүйері өмірімен қоштасқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бішкек тұрғыны 21 жастағы футбол жанкүйері Бразилиядағы футболдан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы жеңіліп қалған соң асылып қалған.

Бұл туралы Бішкектің Басты ішкі істер басқармасынан хабарлады, деп жазады K-News.

Оқиға «Көкжар» тұрғын ауданында болған. Футболдан әлем біріншілігінің финалдық матчынан соң бір тәуліктен кейін жас жігіттің мәйіті табылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол букмекерлік кеңселердің тұрақты келушісі болған. ӘЧ-2014 финалының алдында ол машинасын сатып, барлық ақшасын Аргентина құрамасының жеңісі үшін бәске тіккен. БІІБ-да суицидтің орын алуына осы жағдай себепкер болған деген ұйғарым жасалып отыр.