Бұл ойында алғашқы голды итальяндықтар 35-минутта салды. Гол авторы - Маркизио. Ағылшындар қарымта допты көп кешiктiрген жоқ, Старидж матчтың 38-минутында есептi 1:1-ге жеткiздi. Дегенмен екiншi таймның басында Марио Балотелли гол салып, италиялықтарға осы мундиальдегi жеңiстi алып беруге көмектестi.
Айта кетейiк, бұның алдында Марио Балотелли Англия құрамасы италиялық ұжым үшiн қарсылас емес екендiгiн мәлiмдеген болатын. Осы голдан кейiн Балотелли өз сөзiн iспен дәлелдедi. Англия құрамасы бұл ойында әлсiз көрiнбегенiмен, тактикалық тұрғыда осалдық танытты.