ӘЧ-2014 басталатын күні Рио әуежайында наразылық шеруі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилиядағы Рио-де-Жанейро қаласының үлкендігі жағынан екінші саналатын әуежай қызметкерлері жергілікті уақытпен 00:00-де наразылық шарасын ұйымдастырмақ. Яғни, бұл шеру әлем чемпионатының ашылуына тұспа-тұс келеді, деп жазады Би-би-си.

Шерушілер жалақының көтерілуін және ӘЧ ұйымдастырылуына байланысты арнайы бонус талап етпек.

Мәліметтер бойынша, біріншіліктің ашылуы мен алғашқы ойыны Сан-Паулуда өтетін болғанымен, шеру кей шаралардың іске аспай қалу қаупін төндіреді.

Оған қоса, Сан-Паулу метрополитенінің қызметкерлері таяу сағаттарда бейсенбі күні наразылық шеруін жалғастыру жөнінде шешім қабылдауы тиіс. Олар мұндай шешім қабылдаған жағдайда ӘЧ-нің ашылу салтанаты өтпей қалуы мүмкін.