Ішімдікке тойып алған ер адам қуанғаннан биржа ғимаратының кіреберісіндегі мүсінге өрмелеп шығып, тепе-теңдігін ұстай алмай құлап кеткен. Ауыр жарақат алған оны жедел жәрдем дәрігерлері құтқарып қала алмады. Жанкүйер ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды.
19:46, 18 Маусым 2014
ӘЧ-2014: Бельгия құрамасының жеңісін атап өтпек болған футбол жанкүйері қаза тапты
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Брюссельде Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық раунды ойынында Алжир командасын 2:1 есебімен Бельгиян құрамасының жеңгенін мерекелеп жүрген футбол жанкүйері қайтыс болды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.