Ойындағы жалғыз голды 8-минутта Игуаин салды. Аргентиналық команда матчта үлкен басымдық танытты және Бельгия шабуылшыларына еш мүмкiндiк бермедi. Айта кетейiк, бұның алдында Германия мен Бразилия жартылай финалға шыққан болатын. Ендi бiрер сағаттардан соң Коста-Рика мен Нидерланды кездесуi басталады, сонымен 1/2 финалға шығатын соңғы команда анықталады.