Ол қайтыс болғанға дейін Бразилияда өтіп жатқан Испания мен Нидерланды футбол құрамаларының кездесуін тамашалағаны белгілі болды.
Қытайлықтың неден өлгені әлі белгісіз, ағзаның әлсіреуі ме, әлде ұйқының депривациясынан жүрек талмасы ма, әзірге нақты анықталған жоқ. Айта кетейік, әлем чемпионатына бара алмаған футбол жанкүйерлеріне түн ортасында теледидардан тікелей эфирдегі ойынды тамашалау үшін күндіз жақсылап тынығып алуларына тура келеді.