Бразилиялықтар сейсенбіде Белу-Оризонти қаласындағы «Минейрао» стадионында немістерден 1:7 есебімен ұтылды. Бұл бразилиялықтардың әлем чемпионатындағы ең ірі жеңілісі болды. Осы ойын кезіндегі хабарламалар саны абсолюттік рекордқа жетті. Осыған дейінгі рекорд 1/8 финалындағы бразилиялықтар мен чилиліктер арасындағы матчта орнатылған болатын (16,4 млн. хабарлама).
Әлеуметтік желіні пайдаланушылардың белсенділігі неміс футболшысы Тони Кросс соққан төртінші голдан кейін күрт артты.
Ал ең көп есімдері аталған тұлғалар - бразилиялықтардың қақпашысы Жулио Сезар мен әлем чемпионатының финалдық ойындарындағы гол саны жағынан үздігі, әлем біріншілігінің төрт жартылай финалдық матчына қатысқан бразилиялық Роналдоның рекордын жаңартқан неміс шабуылшысы Мирослав Клозе.