ӘЧ-2014: Бразилия Мексиканың қорғаныс шебiн бұза алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңiнде алаң иелерi Мексика құрамасымен кездестi.

Айта кетейiк, бұл қос команданың мундиальдағы екiншi ойындары. Өздерiнiң алғашқы матчтарында олар қарсыластарын жеңiп, үш ұпайдан иеленген болатын.

Бiрақ өзара ойында олар мықтыны анықтай алмады. Матч өте тартысты болғанымен, қарсыластар бiр-бiрiнiң қақпаларына гол салған жоқ.

Осылайша, "А" тобында Бразилия мен Мексикада 4 ұпайдан, ал Хорватия мен Камерунда әзiрге ұпай жоқ.