Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, президент өзінің Twitter-дегі парақшасында жанкүйерлер мен футболшыларды Бразилия құрамасы жеңілісінен мойымауға шақырды. Осы орайда ол құрама ойыншыларына бастарын көтеріп, алдағы ойынға жігерлене қатысу керектігін атап өтті.
Бұдан бұрын Бразилия құрамасының бас бапкерi Луиз Фелипе Сколари ұлттық команданың сәтсiз ойын көрсетіп, Германиядан жеңiлуіне жауапкершілікті өз мойнына алды.
Баспасөз мәслихаты барысында бас бапкер жанкүйерлер алдында кешiрiм сұрады.
«Ойындағы нәтиже үшiн кешiрiм сұрағым келедi», - деп келтiредi Football Espana Сколаридiң сөзiн. - Бiз жеңiлiп жатқанымызға қарамастан, командаға қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтамын. Жеңiлiске мен кiнәлiмiн және сол үшiн жауапкершiлiк арқалауым тиiс. Есеп бiздiң ойынымызға байланысты болды деп есептемеймiн. Бiз бақылауды қолдан сусытып алдық, бұл әрине жақсы емес, бiрақ мұндай оқиғалар орын алып тұрады».
Естеріңізге сала кетейік, Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесiнде Бразилия Германия құрамасынан 7:1 есебiмен ойсырай жеңiлген болатын.
Енді Бразилия құрамасы үшінші орын үшін бәсекеге түсетін болады.