Астана уақыты бойынша, сағат 22:00-де Аргентина Иранмен өзара кiм мықтыны анықтамақ. Матч KazSport және "Қазақстан"телеарналары арқылы көрсетiледi.
Күннiң орталық матчы - Германия-Гана кездесуi. Бұл ойынды 01:00-де "Еуразия" Бiрiншi арнасы" тiкелей эфирде таратады.
Нигерия - Босния мен Герцеговина кездесуi сағат 04:00-де өтедi. Оны KazSport және "Қазақстан"телеарналарынан көре аласыздар.