Куритиба қаласында өтетін Ресей-Алжир матчы Астана уақыты бойынша 02:00-де басталады. Бұл ойынды «Қазақстан» және KazSport телеарналары көрсететін болады.
Осы уақытта Н тобының тағы бір жұбы Бельгия мен Оңтүстік Корея арасындағы кездесу өтеді. Бұл матчты «Еуразия» Бірінші арнасынан» көре аласыздар.
22:00-де G тобының квартеті топтық кезеңдегі соңғы матчтарын өткізбек. Португалия Ганамен, Германия АҚШ құрамасымен күш сынасады. Португалия-Гана матчын тікелей эфирде «Қазақстан» және KazSport телеарналары таратады. Ал АҚШ пен Германия тартысын «Еуразия» Бірінші арнасы» көрсетпек.