ӘЧ-2014: Бүгiн Ресей - Оңтүстiк Корея және тағы екi матч өтедi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн, 17 маусымда Бразилияда футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңi аясында үш матч өтедi.

Бiрiншiлiктiң алтыншы ойын күнiнде соңғы H тобындағы командалар өзара ойнайтын болады және екiншi тур аясында Бразилия мен Мексика матчы өтедi.

Астана уақыты бойынша Белу-Оризонти қаласындағы "Минейран" стадионында Бельгия мен Алжир кездеседi. Матчты "Қазақстан" мен KazSport телеарналары көрсетедi. 01:00-де мундиаль қожайындары Бразилия құрамасы Мексикамен ойнайды. Бұл ойынды "Еуразия" Бiрiншi телеарнасы" трансляциялайды.

04:00-де Бразилиядағы әлем бiрiншiлiгінде Ресей құрамасы алғашқы ойынын өткiзедi. Ресейлiктердiң қарсыласы - Оңтүстiк Корея. Бұл кездесудi "Қазақстан" мен KazSport телеарналарынан көруге болады.