Бүгiнгi ойын күнiнен кейiн жартылай финалға жолдама алған тағы екi команда анықталады. Астана уақыты бойынша 22:00-де Аргентина мен Бельгия кездесуi басталады. Бұл матч Бразилиа қаласында Ұлттық стадионда өтедi. Оны тiкелей эфирде "Еуразия" Бiрiншi арнасы" көрсетедi. Ал 02:00-де Нидерланды-Коста-Рика матчын KazSport пен "Қазақстан" телеарналары арқылы көре аласыздар. Кездесу Сальвадор қаласында "Арена Фонте-Нова" стадионында өтпек.
21:00, 05 Шілде 2014
ӘЧ-2014: Бүгiн ширек финалда Аргентина-Бельгия, Нидерланды-Коста-Рика кездесулерi өтедi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Футболдан әлем чемпионатында ширекфиналдық кездесулер жалғасын табады.