ӘЧ-2014: Бүгiн ширекфиналдық кезеңнiң екi кездесуi өтедi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгiн Бразилияда футболдан әлем чемпионатының ширек финалында екi матч өтедi.

Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де Германия мен Франция құрамалары өзара кiм мықтыны анықтайды. Ол матчты "KazSport" пен "Қазақстан" телеарналарынан тамашалай аласыздар. Ал түнгi сағат 02:00-де алаң иелерi - Бразилия Колумбия командасын қабылдайды. Бұл кездесудi "Еуразия" Бiрiншi арнасы" көрсетедi.